Іс жүргізу және мұрағаттану
Орта буын маманы іс–жүргізушісінің кәсіптік іс–әрекетінің түрлері:
- іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік–әдістемелік материалдармен жұмыс жүргізу;
- кәсіпорынның кеңесші органдарының қызметін құжаттау;
- кадр құжаттарын жүргізу және ресімдеу, есепке алу;
- құжаттаудың электрондық базасын құрастыру;
- кәсіпорын басшысына қол қоюға апаратын құжаттардың дайындалуының, дұрыс жасалуының, келісілуінің, бекітілуінің сапасын қадағалау;
- ақпараттық–анықтамалық, ұйымдық–өкімдік құжаттау материалдарын жүргізу;
- қызметкерлер мен бөлімшелерге берілген басшының тапсырмасының орындалуына бақылау жасау, есептер дайындау.
Іс жүргізу және мұрағаттану – мемлекеттік тілде оқиды, оқыту мерзімі 2 жыл 10 ай.
0510000 Іс жүргізу және мұрағаттану мамандығына сәйкес ҚР жоғары білім мамандықтарыңың классификаторынан үзінді
5В051000 | Мемлекеттік және жергілікті басқару |
5В051500 | Мұрағаттану, құжат жүргізу және құжаттық қамту |