Жаңалықтар

ХИМИЯ НЕГІЗДЕРІ МЕН БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттері үшін

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже химия негіздерімен биология пәнінен қашықтық олимпиаданы өткізу шарттары мен тәртібін анықтайды.

1.2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК биология пәні бойынша қашықтықтан өткізілетін олимпиаданың ұйымдастырушылары мен бастамашылары болып табылады.

1.3. Олимпиаданың мақсаттары:

– 1 курс студенттеріне зияткерлік жарыстарға қатысуға және биология мен химия саласындағы білімдерін бағалауға мүмкіндік беру.

1.4. Олимпиаданың міндеттері:

– биология және химия колледж оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту;

– биология және химия саласында барынша дайындалған студенттерді анықтау;

– білім алушылардың өзіндік жұмыс дағдыларын жетілдіру және шығармашылық ойлауын дамыту;

1.5. Олимпиадаға колледждің 1 курс студенттері қатыса алады.

1.6.Олимпиадаға жеке қатысуы (жеке).

1.7. Олимпиадаға қатысу үшін 2021 жылдың 25 наурызына дейін (1-қосымша) өтінім беру қажет. saulesh17@mail.ru.

vegragom@mail.ru.

1.8. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ақпарат колледж сайтында орналастырылады www.rsgk.kz.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +77759860891 Рыженкова Наталия Петровна, +77014270596 Канешова Саулеш Қажмұқанқызы.

  1. Олимпиаданы өткізу тәртібі мен мерзімдері

2.1. Олимпиада бір кезеңде жүргізіледі:

– сырттай – 2021 жылғы 25 – 31 наурызға дейін – олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтай отырып, қашықтықтан өткізіледі.

2.2. Олимпиада үш турдан тұрады:

1 тур–шығармашылық-5-10 минутқа өнер көрсету;

2 туртеретикалық-тестілеу;

3тур – практикалық-химия бойынша биологиялық міндеттер мен зертханалық жұмыстарды шешу

2.3. Тестілеуден өтуге сілтеме, тапсырмалар, жауап бланкілері, оларды толтыру қағидалары олимпиадаға қатысуға өтінімі болған кезде барлық қатысушыларға жіберілетін болады.

2.4. Байқау тапсырмаларын орындау 2021 жылдың 25-31 наурыз аралығында жоспарланған.

2.5. Практикалық тапсырмалары орындалған материалдар WinZip немесе WinRar бағдарламасымен мұрағатқа оралады және бірыңғай файлмен 2021 жылғы 30 наурызға дейін (қоса алғанда) электрондық пошта мекенжайына жіберіледі saulesh17@mail.ruvegragom@mail.ru

2.6. Қорытындылау – 31наурыз 2021 жыл.

 

3.Олимпиаданы ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету

3.1. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша жалпы басшылықты «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі»КМҚК директорының бұйрығымен бекітілген Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.

3.2. Олимпиаданы Ұйымдастыру Комитеті:

– Олимпиаданы өткізуге басшылық етеді;

– қазылар алқасының құрамын бекітеді;

– олимпиаданың қорытындылары туралы қазылар алқасының шешімін бекітеді;;

– Олимпиаданы өткізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

– жеңімпаз дипломдарының үлгілерін, олимпиадаға қатысушылар сертификаттарының үлгілерін бекітеді;,

– Олимпиадаға арналған тапсырмаларды әзірлейді;;

– олимпиада жеңімпаздарын анықтайды.

3.2. Олимпиада негізгі жалпы, жалпы орта және кәсіптік орта білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде құрылған тапсырмалар бойынша өткізіледі.

  1. Олимпиада нәтижелерін бағалау және қорытындылау

4.1. Олимпиада тапсырмаларының нәтижелері 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Теориялық бөлім максималды 10 баллмен бағаланады. Биология және химия бойынша 3 баллдан тұратын практикалық тапсырмалар-12 балл. Теориялық және практикалық бөліктердің балдары жинақталады.

4.2. Олимпиаданың қорытындысын құрамында төраға мен қазылар алқасы бар қазылар алқасы шығарады. Қазылар алқасының құрамына биология және химия саласындағы мамандар кіреді;

3.3. Қазылар алқасының әрбір мүшесі қатысушылардың жұмыстарын әзірленген әдістеме мен бағалау критерийлеріне сәйкес тексереді, конкурстық тапсырманың орындалуын бағалау ведомосын толтырады, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды. Олимпиаданың қорытындылары хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға бағалау ведомостары қоса беріледі.

3.4. Олимпиаданың қорытындылары, жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК ресми сайтында 31.03.2021 ж. шығарылады.

3.5. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жолдегерлері ең көп балл жинаған қатысушылардан анықталады.

3.6. Олимпиада жеңімпаздары 1 дәрежелі дипломдармен, ал жүлдегерлер 2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

3.7. Жүлделі орын алмаған қатысушылар сертификат алады.

3.8. Байқау нәтижелері, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК ресми сайтында орналастырылады.www.rsgk.kz.

қосымша 1. өтінім.

Азаматтық қорғаныс күні

2021 жылғы 01 наурызда «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде» «Жас сарбаз» ӘДК «Жабағы батыр» бөлінісінің курсанттары арасында Азаматтық қорғаныс күніне арналған әскери-спорттық конкурс болып өтті.

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АҒАРТУШЫСЫ ТУРАЛЫ АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы ғалым, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге арналды.

Қазақ даласында білімнің шырағын жаққан Ыбырай Алтынсарин бар ғұмырын қазақ балаларын оқыту жолында өткізген.

Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, ана тілімізде оқулық жазған. (толығырақ…)

Колледждің Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы жұмысын бастады

17.02.2021 Zoom режимінде 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі үш жылдық кезеңге тағайындалған колледждің Қамқоршылық кеңесінің Жаңартылған құрамының бірінші отырысы өтті. Қамқоршылар кеңесінің төрайымы болып екінші мерзімге «Рудный қалалық ардагерлер ұйымы»ҚБ Кеңесінің мүшесі Рысбике Қасымқызы Сүймекова бірауыздан сайланды. КС құрамына 8 мүше, мемлекеттік ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің және ата-аналар қоғамының өкілдері кірді:

(толығырақ…)

ҚР білім министрінің хаты

Қымбатты әріптес!

 

Сіз осы қиын кезеңнен отбасыңызбен бірге аман-есен өтіп, денсаулығыңызға еш қауіп төнбейтін жағдайда жүрсіз деген үміттемін.

Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз.

Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда.

Туыстары мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Дәл қазіргі қиын кезеңде жақындарымыз бен өз өміріміздің, денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміздің маңызы мен қадірін түсініп, бағалауды үйреніп жатырмыз.

Кез келген қиындық бізді шыңдай түсіп, сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты етеді.

Осынау қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз аса маңызды. Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде. Біз кез келген қиын міндеттерді бірде-бір баланы ескерусіз қалдырмай, бірлесе отырып шеше аламыз.

Әріптесім, сізге мынаны айтқым келеді!

Қазір бізге балаларымыз бен олардың болашағы үшін және тек білімі ғана емес, денсаулығы мен моральдық жағдайы үшін де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқушыларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына қажетті жағдайдың барлығын жасауымыз керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей «Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Біздің балаларымыздың білім деңгейі мұғалімдерге жасалған жұмыс жағдайларына тікелей байланысты». Президент бұл сөздермен мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр.

Ұстаздардың тек мектепте ғана емес, өмірде де көшбасшы екеніне сенімдімін. Бүгінгі таңда бізге балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта біліңіз. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз.

Жағдай орнығады. Дәрігерлермен бірігіп біз індетті бірге жеңеміз, бұрынғы өмір біртіндеп қалпына келе бастайды. Оған дейін бәріміз оқушылар мен ата-аналарға және бір-бірімізге тіреу бола білуіміз қажет.

Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайды. Сондықтан мен сізге төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегіңіз үшін тағы бір мәрте рақметімді айтқым келеді. Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін.

Біз техникалық және моральдық қиындықтарға қарамастан барлық қолайсыздықтарды жеңе аламыз.

Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді!

Жаңа оқу жылында жолыққанша!

 

Құрметпен,

А.Аймағамбетов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Государственные сайты