All posts by Редактор

Кітапханадағы көрме

РӘГК-нің кітапханасында төзімділік  күніне арналған “Бейбітшілік, достық және келісім жолымен”атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оның эпиграфы Бернард Шоудың “Енді біз құстар сияқты әуемен ұшуды, балық сияқты су астында жүзуді үйренген кезде, бізге тек бір ғана жетіспейтіні – адамдар сияқты жер бетінде өмір сүруді үйрену”- деген  керемет сөздері болды.

Көрме оқытушылар мен студенттер үшін өте қызықты. Көрменің “Төзімділік Векторы” атты бірінші бөлімінде төзімділік деген ұғымды ашатын ресми құжаттардың көшірмелері ұсынылған. Әр халықтың құндылығы туралы, оның әлемнің мәдени әралуандығына қосқан үлесі туралы түсінік қалыптастыруға “Айырмашылықтардың сұлулығы” бөлімінің әдебиеті көмектеседі. Төзімділікке тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманғы жазушылармен көтерілуде. Классикалық емес болып табылатын кітаптар бар, бірақ адамды көптеген нәрселерге үйрете алады – қайырымдылық, ілтипат, сезімталдық.  Мұндай кітаптарды “Көркем әдебиеттегі төзімділік идеялары” бөлімінен оқи аласыздар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Күнімен!

4 маусымда Қазақстанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 27-ші жылдығы аталып өтіледі.  1992 жылдың дәл осы күні біздің еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ресми түрде бекітілді. Бұл Қазақстан тарихының жаңа және тәуелсіз мемлекет ретінде басталғанын көрсетті.

Бүгін мәдениет және демалыс паркінде Жастардың ресурстық орталығымен квест өткізілген іс-шара болып өтті.

Үлкендерге құрметпен

29 мамыр күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде ардагерлер Кеңесіне арналған концерттік бағдарлама болып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искаков М.А. студенттермен және еріктілермен ардагерлерге көрсетілетін көмек туралы бяандама жасады. «Жас патриот» патриоттық үйірмесінің студенттері қатардағы даярлық пен автоматты жинау-тарату бойынша өз тәжірибелерін көрсетті.

Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайластықтың алдын алу

22 мамырда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде студенттермн сыбайластықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі бойынша кездесу болып өтті.

Кездесудің мақсаттары:

– қоғам  мен азаматтардың  құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру;

– қоғамды сыбайластыққа қарсы қозғалысқа тарту, сыбайластық деңгейін төмендету. Continue reading Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайластықтың алдын алу

Рухани жаңғыру мен жастар

21 мамырда колледжде діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу аясында  «Рухани жаңғыру және жастар» семинары болып өтті. Кездесудің ұйымдастырушылары «Қостанай облысының психологтар Ассоциациясы» Қоғамдық Қоры. Continue reading Рухани жаңғыру мен жастар

Взвод, сапқа тұр!

15 мамырда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде Отан Қорғаушылар Күні мен Ұлы Отан Соғысының 74-ші жылдық Жеңіс Күніне арналған әскери-спорттық сайыс болып өтті. Байқау 1-ші курс студенттері арасында өткізілді. Continue reading Взвод, сапқа тұр!

На старт! Внимание! Марш!

6 мамырда колледждер арасында жеңіл атлетикадан қалалық эстафета болып өтті. Жүгіруден  Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі 1-ші орын, Рудный политехникалық колледжі – 2-ші орын, Рудный кен-технологиялық колледжі – 3-ші орынды иеленді.

Continue reading На старт! Внимание! Марш!

Кәсіптік байқау күні

4 мамырда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде болашақ талапкерлер үшін кәсіптік байқау Күні болып өтті. Іс-шара екі бағытқа бөлінді: «Би ырғағында» хореографиясы бойынша қалалық шығармашылық сайыс және «Үздік аспаз» қалалық кәсіби шеберлік сайысы.

Continue reading Кәсіптік байқау күні

Қазақстан халқының бірлігі Күнімен!

Бұлыңғыр ауа-райы мерекелік көңіл күйге кедергі бола алмады.  Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері Қазақстан халқының бірлігі Күніне арналған қалалық мерекеге қуана қатысты.

Сатуға қойылған әр түрлі халықтың тағамдары қала халқының көңілінен шықты.Онда қазақ, корея және орыс ұлттық тағамдары болды. орыс халқын біздің студенттер ұсынды.

Қалалықтардың назарына керемет концерт ұсынылды. Дәстүр бойынша, мәдениет және демалыс паркінің алаңына қаланың барлық шығармашылық ұжымдары  жиналды. Қала басшылығы тұрғындарға көркейіп, гүлдене беруді тіледі.