ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Алға қойған мақсатым: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол – өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Оқу мен жазуды сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ өткізу мәнерін өзгерту деп білемін. Стратегияларды әр сабақтың мақсат-міндетіне сәйкес тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.Сонда ғана оқушының оқуы мен жазуына, тілдік әрекетке өзгеріс енгізуге болады. Өз ойын айтуға еркіндік берілгенін бала сезінгенде ғана ашылады және нәтижелі болады. Оқушылардың ойлау деңгейі жоғарлайды.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
     
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

                  

                         

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Дәстүрлі сабақтар мен  RWCT  сабақтарының ерекшелігі:

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Тақырыпты түсіндіреді

Мазмұнын айтып береді

Кейіпкерлер туралы айтып береді

Кейіпкерге мінездеме береді

Мәтіннің идеясын анықтайды

Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады

Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді

Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады

Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады

Шығарма жазады

Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады

Жауап береді

RWCT    с а б а қ т а р ы

Мұғалімнің әдістері

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөліп, ой қозғайды

Ұжыммен жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды

Мәтінмен өздері танысады

Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады

Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді

Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды

Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады

Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды

Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды

Өз ойларын жазуды ұсынады

Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді

Ойларын қорытуға бағыттайды

Өз тұжырымдамасын жасайды

Осы  технологияны сабақта пайдаланғанда мен  мынадай  нәтижелерді  күтемін.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» -  деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Менің мақсатым – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін, проблемалық оқыту, дамыта оқыту, жабалап оқыту, компьютерлің технология, СТО технологияларын оқытудың кеңінен пайдаланамын.
Оқу жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі  түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені  бәрімізге  мәлім. Осыған орай  өз   тәжірибемде  сабақтың  қалыптасқан  дәстүрлі  түрінен  басқа,  дәстүрлі  емес сабақтар  түрлерін де   де  өткіземін.  Олар  көбінесе  оқытудың  жаңаша әдістеріне негізделіп құрылуда.  Ондағы мақсатым- әрбір сабақтың  оқу - тәрбиелік  мүмкіншіліктерін  ескере отырып,  оны  жаңа  сапалық  сатыға көтеру.
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім.