Жаңалықтар

ҚР білім министрінің хаты

Қымбатты әріптес!

 

Сіз осы қиын кезеңнен отбасыңызбен бірге аман-есен өтіп, денсаулығыңызға еш қауіп төнбейтін жағдайда жүрсіз деген үміттемін.

Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз.

Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда.

Туыстары мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Дәл қазіргі қиын кезеңде жақындарымыз бен өз өміріміздің, денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміздің маңызы мен қадірін түсініп, бағалауды үйреніп жатырмыз.

Кез келген қиындық бізді шыңдай түсіп, сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты етеді.

Осынау қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз аса маңызды. Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде. Біз кез келген қиын міндеттерді бірде-бір баланы ескерусіз қалдырмай, бірлесе отырып шеше аламыз.

Әріптесім, сізге мынаны айтқым келеді!

Қазір бізге балаларымыз бен олардың болашағы үшін және тек білімі ғана емес, денсаулығы мен моральдық жағдайы үшін де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқушыларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына қажетті жағдайдың барлығын жасауымыз керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей «Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Біздің балаларымыздың білім деңгейі мұғалімдерге жасалған жұмыс жағдайларына тікелей байланысты». Президент бұл сөздермен мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр.

Ұстаздардың тек мектепте ғана емес, өмірде де көшбасшы екеніне сенімдімін. Бүгінгі таңда бізге балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отыр. Сондықтан қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта біліңіз. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз.

Жағдай орнығады. Дәрігерлермен бірігіп біз індетті бірге жеңеміз, бұрынғы өмір біртіндеп қалпына келе бастайды. Оған дейін бәріміз оқушылар мен ата-аналарға және бір-бірімізге тіреу бола білуіміз қажет.

Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайды. Сондықтан мен сізге төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегіңіз үшін тағы бір мәрте рақметімді айтқым келеді. Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін.

Біз техникалық және моральдық қиындықтарға қарамастан барлық қолайсыздықтарды жеңе аламыз.

Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді!

Жаңа оқу жылында жолыққанша!

 

Құрметпен,

А.Аймағамбетов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Кітапханадағы көрме

РӘГК-нің кітапханасында төзімділік  күніне арналған «Бейбітшілік, достық және келісім жолымен»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оның эпиграфы Бернард Шоудың «Енді біз құстар сияқты әуемен ұшуды, балық сияқты су астында жүзуді үйренген кезде, бізге тек бір ғана жетіспейтіні – адамдар сияқты жер бетінде өмір сүруді үйрену»- деген  керемет сөздері болды.

Көрме оқытушылар мен студенттер үшін өте қызықты. Көрменің «Төзімділік Векторы» атты бірінші бөлімінде төзімділік деген ұғымды ашатын ресми құжаттардың көшірмелері ұсынылған. Әр халықтың құндылығы туралы, оның әлемнің мәдени әралуандығына қосқан үлесі туралы түсінік қалыптастыруға «Айырмашылықтардың сұлулығы» бөлімінің әдебиеті көмектеседі. Төзімділікке тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманғы жазушылармен көтерілуде. Классикалық емес болып табылатын кітаптар бар, бірақ адамды көптеген нәрселерге үйрете алады – қайырымдылық, ілтипат, сезімталдық.  Мұндай кітаптарды «Көркем әдебиеттегі төзімділік идеялары» бөлімінен оқи аласыздар.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Күнімен!

4 маусымда Қазақстанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 27-ші жылдығы аталып өтіледі.  1992 жылдың дәл осы күні біздің еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны ресми түрде бекітілді. Бұл Қазақстан тарихының жаңа және тәуелсіз мемлекет ретінде басталғанын көрсетті.

Бүгін мәдениет және демалыс паркінде Жастардың ресурстық орталығымен квест өткізілген іс-шара болып өтті.

Үлкендерге құрметпен

29 мамыр күні Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде ардагерлер Кеңесіне арналған концерттік бағдарлама болып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искаков М.А. студенттермен және еріктілермен ардагерлерге көрсетілетін көмек туралы бяандама жасады. «Жас патриот» патриоттық үйірмесінің студенттері қатардағы даярлық пен автоматты жинау-тарату бойынша өз тәжірибелерін көрсетті.

Құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайластықтың алдын алу

22 мамырда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжде студенттермн сыбайластықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесі бойынша кездесу болып өтті.

Кездесудің мақсаттары:

– қоғам  мен азаматтардың  құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру;

– қоғамды сыбайластыққа қарсы қозғалысқа тарту, сыбайластық деңгейін төмендету. (толығырақ…)

Рухани жаңғыру мен жастар

21 мамырда колледжде діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу аясында  «Рухани жаңғыру және жастар» семинары болып өтті. Кездесудің ұйымдастырушылары «Қостанай облысының психологтар Ассоциациясы» Қоғамдық Қоры. (толығырақ…)

Государственные сайты