Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ» МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мыналарға түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:

күндізгі оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

сырттай (кешкі) оқу нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат болып табылады.

Мемлекеттік қызмет беру нәтижесі: қағаз жүзінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

  1. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3×4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) флюросуреті қоса берілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралман куәлігі.

Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым жазбаша түрде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында:

1) 01000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8

телефон: +7 (7172)742-425

e-mail: pressa@edu.gov.kz.

2) мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымшадакөрсетілген тізімге сәйкес ЖАО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

«Техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарына құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 1-қосымша

 

Нысан

 

Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың

алынғаны туралы қолхат

 

Оқу орны ____________________________________________________________

(оқу орнының атауы)

_____________________________________________________________________

(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат

_____________________________ мынадай құжаттар алынды:

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)

  1. Өтініш
  2. __________________________________________________________________

_______________________________________________

_______________________________________________

 

Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)

 

20__ ж. “__” _____________

 

«Техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарына құжаттар қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 2-қосымша

 

Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

 

 

 

 

Өңірдің атауы

 

Телефон

 

Заңды мекен-жайы

 

Сайт

 

1.

 

Ақмола облысы

 

8(7162)401402

 

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

 

www.akmo.kz

 

2.

 

Ақтөбе облысы

 

8(7132)560474

 

030010, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан көшесі, 40

 

www.akto.kz

 

3.

 

Атырау облысы

 

8(7122)354965

 

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

 

www.atyrauobl.kz

 

4.

 

Алматы облысы

 

8(7282)272731

 

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

 

www. almaty-reg.kz

 

5.

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

8(7232)570151

 

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

 

www. akimvko.gov.kz

 

6.

 

Жамбыл облысы

 

8(7262)431552

 

080008, Тараз қаласы,

Абай көшесі, 125

 

www. zhambyl.kz

 

7.

 

Батыс Қазақстан облысы

 

8(7112)260468

 

090000, Орал қаласы,

Почиталин көшесі, 72

 

www.western.kz

 

8.

 

Қарағанды облысы

 

8(7212)425443

 

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

 

www.karaganda-region.kz

 

9.

 

Қызылорда облысы

 

8(7242)272934

 

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

 

www.kyzylorda.kz

 

10.

 

Қостанай облысы

 

8(7142)575310

 

110000, Костанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56

 

www.kostanay.kz

 

11.

 

Маңғыстау облысы

 

8(7292)435100

 

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд./47-ғимарат

 

www.mangystau.kz

 

12.

 

Павлодар облысы

 

8(7182)320965

 

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

 

www.pavlodar.kz

 

13.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 

8(7152)463288

 

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

 

www. akimat-sko.kz

 

14.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

8(7252)563247

 

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

 

www. ontustik.gov.kz

 

15.

 

Астана қаласы

 

8(7172)556851

 

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

 

www.astana.kz

 

16.

 

Алматы қаласы

 

8(727)2716509

 

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

 

www.almaty.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімдіктің 2016 жылғы

21 маусымдағы № 286

қаулысына 1-қосымша

 

“ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ” МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ РЕГЛАМЕНТІ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi-техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

 

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 “Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы” бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11220 болып тіркелген) бекітілген “Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттар (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) болып табылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдау мен оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 5 (бес) минут.

күндiзгi оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

сырттай (кешкі) оқу нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын тіркеу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындап, тиісті бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға береді, 2 (екі) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, 3 (үш) минут, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық берушілерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

  1. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдап, оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 5 (бес) минут.

күндiзгi оқу нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

сырттай (кешкі) оқу нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындап, тиісті бұрыштама қойып, жауапты орындаушыға береді, 2 (екі) минут;

3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделеп, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындап, 3 (үш) минут, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 5 (бес) минут.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

 

  1. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

  1. Мемлекеттік қызмет “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаменті және “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

 

 

“Техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім беру

ұйымдарына құжаттар

қабылдау” мемлекеттік

көрсетілетін қызмет

регламентіне қосымша

 

 

 

“Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау” мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы