Білім алушыларға жатақхана беру

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
  3. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

  1. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағындакөрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының, сондай-ақ республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіліп, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің, жергілікті атқарушы органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

 

  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің интернет-ресурсында: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, www.edu.gov.kz;

e-mail: pressa@edu.gov.kz;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген тізімге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған.

  1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
  2. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

“Техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарында білім алушыларға

жатақхана беру”

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 1-қосымша

 

нысан

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында

білім алушыларға жатақханалар беру туралы жолдама

 

_____________________________________________________________________

(техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының атауы және мекенжайы)

Азамат (-ша) ________________________________________________________

/тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

№ ___жатақханаға орналасуға жіберемін.

 

Жатақхананың мекенжайы ______________________________________________

 

20___ ж. «____» _________ cағатта ___ келуді ұсынамын.

 

Директор __________

(қолы)

 

20___ ж. «____» _________

 

М.О.

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарында білім алушыларға

жатақхана беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 2-қосымша

 

Нысан

 

______________________________ директоры

_________________________________________

(оқу орны директорының Т.А.Ә. (бар болса)

_______________________ мамандығы бойынша

_________________________________ тобының

студенті ________________________________

Т.А.Ә. (бар болса)

 

 

Өтініш

 

Маған жатақханадан бір орын бөлуіңізді сұраймын.

Келу орны____________________________________________________________

 

20 ж. « » _______                                       /қолы/

 

«Техникалық және кәсіптік

білім беру ұйымдарында білім

алушыларға жатақхана беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 3-қосымша

 

Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының тізімі

 

 

 

 

Өңірдің атауы

 

Телефон

 

Мекен-жайы

 

Сайт

 

1.

 

Ақмола облысы

 

8(7162)401402

 

020000, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 89А

 

www.akmo.kz

 

2.

 

Ақтөбе облысы

 

8(7132)560474

 

030010, Ақтөбе қаласы, Әбылқайыр хан көшесі, 40

 

www.akto.kz

 

3.

 

Атырау облысы

 

8(7122)354965

 

060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77

 

www.atyrauobl.kz

 

4.

 

Алматы облысы

 

8(7282)272731

 

040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26

 

www. almaty-reg.kz

 

5.

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

8(7232)570151

 

070019, Өскемен қаласы, К.Либкнехт көшесі, 19

 

www. akimvko.gov.kz

 

6.

 

Жамбыл облысы

 

8(7262)431552

 

080008, Тараз қаласы,

Абай көшесі, 125

 

www. zhambyl.kz

 

7.

 

Батыс Қазақстан облысы

 

8(7112)260468

 

090000, Орал қаласы,

Почиталин көшесі, 72

 

www.western.kz

 

8.

 

Қарағанды облысы

 

8(7212)425443

 

100012, Қарағанды қаласы, Әлихан көшесі, 19

 

www.karaganda-region.kz

 

9.

 

Қызылорда облысы

 

8(7242)272934

 

120003, Қызылорда қаласы, Абай көшесі, 48

 

www.kyzylorda.kz

 

10.

 

Қостанай облысы

 

8(7142)575310

 

110000, Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 56

 

www.kostanay.kz

 

11.

 

Маңғыстау облысы

 

8(7292)435100

 

130000, Ақтау қаласы, 13 шағын ауд. 47-ғимарат

 

www.mangystau.kz

 

12.

 

Павлодар облысы

 

8(7182)320965

 

140009, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32

 

www.pavlodar.kz

 

13.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

 

8(7152)463288

 

150011, г. Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 58

 

www.

 

akimat-sko.kz

 

14.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

8(7252)563247

 

160007, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12 А

 

www. ontustik.gov.kz

 

15.

 

Астана қаласы

 

8(7172)556851

 

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11

 

www.astana.kz

 

16.

 

Алматы қаласы

 

8(727)2716509

 

050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4

 

www.almaty.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімдіктің 2015 жылғы 9 қазандағы № 429 қаулысымен бекітілген

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Жалпы ережелер

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) және өтінішті қабылдауы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

 

1)        көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді, 15 минут.

 

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – құжаттар топтамасын тіркеу;

 

2)        көрсетілетін қызметті берушінің басшысы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, тиісті бұрыштама қояды, 3 сағат.

 

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

 

3)       көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 8 жұмыс күні.

 

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

 

4)     көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды, 1 жұмыс күні;

 

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – қол қойылған мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі;

 

5)        көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 минут.

 

Рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі – берілген мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

 

1)        көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

 

2)   көрсетілетін         қызметті     берушінің     басшысы;

 

3)   көрсетілетін         қызметті     берушінің     жауапты орындаушысы.

 

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер ( қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

 

1)   көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, оны тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына                                                                                береді,      15   минут;

 

2)   көрсетілетін         қызметті     берушінің     басшысы көрсетілетін            қызметті    берушінің жауапты

 

орындаушысын айқындайды, тиісті бұрыштама қояды, 3 сағат;

 

3)  көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, 8 жұмыс күні;

 

4)   көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасына қол қояды, 1 жұмыс күні;

 

5)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді, 15 минут.

 

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы осы Регламенттің қосымшасында көрсетілген.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен

 

және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы