Курстық жұмысты орындау туралы ережелер

1.Жалпы ережелер

1.1. Курстық  жұмысты орындау мен қорғау тарлы осы ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңына, білім берудің Мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасының білім мен ғылым Министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 289 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде 2008 жылғы 29 мамырда № 5225 санымен тіркелген  «Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  заңына сәйкес әзірленген.

1.2.Оқудың қорытынды кезеңінде колледжде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік жалпыміндетті білім беру стандарттары және мамандықтың жұмысшы жоспарымен көзделге жағдайда, оқушы курстық жұмысты (жобаны) орындайды.

1.3. Курстық жұмыстардың (жобалардың) жетекшілері тиісті пәндік (циклдық) комиссияның ұсынысы бойынша колледждің аса тәжірибелі оқытушылар есебінен тағайындалады.

Курстық жұмыстың (жобаның) жетекшісінің міндеттері:

–   курстық жұмыс (жоба) үшін тапсырмалар құрастыруға;

–    оқушыларға жұмысты (жобаны) орындау кезеңіне күнтізбелік кесте әзірлеуге көмектесуге;

–  оқушыларға тақырып бойынша негізгі дерек, анықтамалық материалдар мен басқа да дереккөздер бойынша кеңес беруге;

–   консультация кестесін құру, ағымды бақылауды жүзеге асыру, студенттердің жұмыстың күнтізбелік кестесін сақтауы;

–   жұмыстың барлық бөлімдері мен тарауларының көлемін анықтауға; жұмысты үйлестіруге;

–   жұмыс (жоба)туралы жазбаша пікір жасау.

 

  1.  Курстық жұмыстың (жобаның) мақсаты мен міндеті

Курстық жұмыс(жоба) қандай да бір арнайы пәннің мәселелерін жазбаша түрдегі студенттердің өз бетінше жасалған жұмысы. Шығармашылық өрісін және тәжірибелік  қабілеттілігін жүйелі, теориялық, тәжірибелік  ақпараттарды терең игеру сәйкесінше оқу жоспары бойынша  студент оқытушының жетекшілігімен курстық жұмысты орындайды.

Курстық жобаның мақсаты:

– Мамандық бойынша теориялық білімнің ауқымдылылығы, қорытындылылығы және жүйелілігін кеңейтіп, бекіту;нақты зерттеулер кезінде қолдана біру;

– ғылыми, оның ішінде сынды пікірлерді дамыту; кәсіптік міндеттерді шешу үшін теориялық білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуді меңгеру;

– өзіндік жұмыстарды жүргізу тәжірибесін алу және даярланып жатқан курстық жұмыс мәселесін шешу кезінде зерттеу әдістемелерін меңгеру;

– студенттің кәсіптік саладағы өзіндік жұмысты жүргізуге даярлық деңгейін айқындау;

-болашақ мамандардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын ынталандыру.

Осы мақсаттарға қол жеткізу курстық жобаны жазу процессінде келесі міндеттер шешіледі деп жорамалдайды:

– зерттеу тақырыбын таңдау;

– әдеби көздер мен методикалық, инструктивтік, анықтама – нормативтік және басқа материалдармен жұмыс жасауын терең игеру;

 

– жалпы материалды дұрыс жүйеленген ғылыми негізгі нәтижелер және нақты экономикалық көрсеткіштердің ұсынысы бойынша іс-әрекеттерін байланыстыра білу;

 

–  жұмыстың қағаз түрінде дайындалуы.

                          

  1. Курстық жұмыспен(жобамен) шұғылданудың жеке этаптары мен әдістері

Курстық жұмысты (жобаны) жазу кезеңдері:

  • Жұмыс (жоба) тақырыбын таңдау және оны бекіту;
  • Тақырып бойынша жұмыс жоспар құру;
  • Зерттеу тақырыбы бйынша ғылыми әдебиетті зерделеу, оның талдауы, мәселесін анықтау;
  • Зерттеу қорытындысын жалпылау;
    • Тақырып таңдау және курстық ұмыстың (жобаның) басшылығын ұйымдастыру

         Курстық жұмыстың (жобаның) тақырыбы тиісті пәндік-циклдық комиссияме әзірленіп, қарастырылады және жаңа оқу жылының басында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітіледі. Тақырып тізімі жыл сайын жаңартылып отырады..

Курстық жұмыстардың тақырыптары арнайы пәндердің типтік және оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға сәйкес болуы керек.

Тақырыпты анықтау кезінде теориялық пән мен аралс ғылымның ғылыми даму деңгейін ескеру қажет.

Оқушыларға олардың ғылыми қызығушылығына , алдыңғы оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының зерттеуі брысында алған тәжіпибелерінің талдауына қарай курстық жұмыстың тақырыбын таңдау құқығы беріледі. Жұмыстың тақырыбы өзекті болуы керек, мазмұнында жаңа элементтер мен тәжірибелік мәнділік болуы керек.

Жұмыстардың тақырыбы әр оқушы үшін жеке болу керек, екі оқушының бір тақырыпты таңдауына жол берілмейді.

3.2 .  Тақырып бойынша жұмысты жоспарлау

Тақырып бекітілгеннен кейін студенттерге оның жетекшісімен құрастырылып, жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетілген курстық жобаның тапсырмасы беріледі. Курстық жоба бойынша берілген тапсырмаға сәйкес, студент өзінің жетекшісімен бірге үлгі бойынша тақырыптың жұмыс кестесін құрады.

3.3. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдібиетті зерделеу

Таңдап алынған тақырып бойынша ғылыми деректі зерделеу автордың ғылыми мәселенің толық зерделену жағдайы мен оның өзекті жаңалығының дәрежесін жорамалдауына себін тигізетін негізін салушы кезең болып табылады. Бұл ретте студент ғылыми жұмысты жазу барысында алған қарап шығып оқу және аналитикалық  оқу тәжірибесі мен кітапханалық карточкалармен жұмыс істей білу тәжірибесін дамытады. Автор зерттеу тақырыбы бойынша монографиясы, авторефераты, кезеңдік шығарылымдар, оқу құралдары мен нормативтік деректерді зерделеу негізінде ғылыми мәселенің  өңделу жағдайын зерттеп шығуы керек.  Жұмыстың толық ашылуын көрсететін негізгі деректердің тізімдемесі шамамен  15-20 атаудан тұруы керек. Пайдаланған деректер тізімі В Қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

Ғылыми әдібиетпен жұмыс істей отыра, оқушы деректерді терең зерттейді, теоретикалық ақпараттарды шығармашылық жағынан қабылдауды үйренеді және оның негізінде ғылыми негізделген қорытынды жасауды үйренеді. Бұның барлығы студенттерге ғылыми зерттеу және практикалық негіздерді алуға мүмкіндік береді және мазмұнын белгілі тақырыпқа жазуды үйренеді.

3.4.  Ғылыми зерттеуді жүргізу

Курстық жұмыс (жоба) аясында өткізілетін ғылыми зерттеуді өткізу негізгі көздерден зерделенген материалды сынды талдап, тұжырымдауға және жүйелендіруге болжамдайды; зерттелетін құбылыс пен факторды өз бетінше қадағалай білу,  оларды сипаттау және тұжырымдамалау, сонымен қатар аса маңызды кезең-   зерделенетін мәселеге дербес ғылыми көзқарас білдіру; алынған теориялық ақпараттарды тәжірибеде қолдану мүмкіндігін құра білу. Курстық жұмыс (жоба) аса маңызды жаңа ғылыми нәтиже алу үшін көзделмегенмен де, ол зерттеу жұмысын жүргізуге бағытталған және ғылыми зерделеудің негізгі әдістерін меңгеруді талап етеді.

Әдісті немесе талдауды нақты тәсілін таңдау жұмыстың мақсаты және міндетімен, сонымен қатар, зерттеушінің қорындағы әдебиеттермен, орындаушының ғылыми беййімділігімен анықталады.Әрине, оқушы өзінің ғылыми талдауының әдісі мен тәсіліндегі таңдауының негіздеп, таңдаған әдістерін зерттеу процессінде қолдана білуі керек.

3.5.  Зерттеу нәтижелерін жалпылау

Курстық жұмыстағы (жобадағы) зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәніне, ғылыми жаңалғына кең түрде сипаттама беру,өзінің қорытындылары мен тұжырымдамаларның алдына қойған мақсаты мен міндеті үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсету.

  1. Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнына қойылатын талаптар

Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды
  • Пайдаланған деректердің тізімі
  • Қосымша

 

4.1.     Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу есебі, зерттеудің пәні және объектісі, курстық жұмыстың құрылымы көрсетіледі. Курстық жұмыстың (жобаның) жоспарын кіріспе, нөмірлердің тәртібі және барлық бөлімдердің және параграфтардың аты, қорытынды, Пайдаланылған деректердің тізімі, беттердің нөмірлері мен көрсету және бұдан жұмыстық элементтердің құрылымы басталады.

Кіріспенің міндетті элементі зерттелетіннысан мен мәнінің тұжырымдамасы болып табылады. Нысан – бұл процесс немесе құбылыс. Мән – бұл нысанның  шегі. Зерттеудің нысаны мен мәні  ғылыми процестің санаты ретінде өзара жалпы және жеке түрде ара қатыста бола алады. Нысанда зерттеудің мәні болып табылатын бөлігі ерекшеленеді. Зерттеудің нысаны мен мәнін тұжырымдай отырып, зерттеудің мақсатына көшіп, сонымен қатар осы мақсатқа сәйкес шешетін нақты тапсырманы  нақты көрсету қажет, сонымен қатар қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін қажет жағдай болып табылатын нақты материалдарды жинауға ықпал ететін әдістемелік қисынды негіздемені анықтау керек.

Кіріспе 1-2 бетте қысқаша түрде болуы керек.

4.2. Курстық жұмыстың негізгі бөлімі

Теориялық бөлімінде зерттеуддің теориялық алғы шарттары суреттеледі, мәселеге қатысты ғылыми дерекке қысқаша шолу жасалады,жұмыста қолданылатын терминдерге анықтама беріледі, ғылыми деректің талдауы негізінде зерттеудің зерделенген деңгейі дәлелденеді, зерттелетін көзқарас мәселесіне қатысты сынды талдау жасалады, осы көзқарастарға  деген өзінің пікірін дәлелдейді, сол негізде қандай да бір ғылыми гипотеза ұсынылады.

Негізгі бөлімнің тарауларының мазмұны жұмыс тақырыбымен тоық сәйкес болуы керек және оы толығымен ашу керек. Мазмұны зерттеушінің жинақталған материалды қысқаша, қисынды және аргументті баяндай білетіндігін көрсетуі керек.

 Қолданбалы (тәжірибелікзерттеу) бөлігінде өткізілген зерттеудің сипаттамасы, алынған ақпараттардың талдауы мен интерпретациясы көрсетіледі. Материалдың баяндама жағына аса көңіл аудару қажет: сипатталу қисындылығы, жүйелілігі, қарапайымылығы мен қысқалығы, толықтылығы мен дәлелділігі.

Автор өзінің ғылыми гипотезасының дәлелдеп шығуы керек, өткізілген зерттеуден алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдану мүмкіншілігін жинақтап, қорытады.

4.3. Қорытындыда  автормен жасалған жұмыс қорытылады, тиісті тұжырымдамалар жасалады, жұмыстың тәжірибелік және теориялық маңыздылығы дәлелденеді, мәселені ары қарай зерттеу белгіленеді.

4.4.  Пайдаланылған дерек тізімі студенттің қарастырылып отырған негізгі ғылыми-теориялық жұмысымен қаншалықты кең көлемде танысқандығын куәландыруы керек. Тізімге жұмыста цитатталған әдебиет қана емес, студентпен осы мәселе бойынша оқылып, зереленген барлық деректер енгізіледі.

Пайдаланылған дерек тізімі Б Қосымшасына сәйкес рәсімделеді.

4.5. Қосымшада курстық жұмыстың (жобаның) негізгі мазмұнын толықтыратын материалдал көрсетіледі. Қосымшалар жеке парақтарда рәсімделеді және бас әріптермен белгіленеді.

 

  1. Курстық жұмыстың рәсімделу талабы

5.1. Жұмыс А4 форматтағы стандартты парақтардың бір жағында орындалады, мәтін  Microsoft Word үлгісінде басылып жазылады – 14 шрифтпен Times New Roman,  Парақтың сол жақ жиегі – 30мм аз болмайтын, оң жақ жиегі – 10мм,  жоғары жағы – 20мм,  төмен жағы-20мм. Жоларалығы -1,5. Курстық жұмыстың көлемі 25 беттен аз болмауы керек.

5.2.  Курстық жұмыстың құрылымы:

– титулды бет

– курстық жұмыстың рецензиясына арналған парақ;

– мазмұны;

– кіріспе;

– негізгі бөлім  (жоспар бөлімдерінің мазмұны нөмірленеді);

– қорытынды;

– пайдаланылған деректер тізімі;

– қосымшалар.

Титулды бет курстық жұмыстың (жобаның) жалпы беттерінің нөмірлерін көрсетеді. Беттің нөмірі титулды параққа қойылмайды.

Беттер араб сандарымен нөмірленеді. Беттің нөмірі парақтың төменгі жағында ортада нүктесіз қойылады.

Титулды беи курстық жұмыстың бірнші беті болып табылады және А Қосымшасына сәйкес толтырылады.

«МАЗМҰНЫ»  деген сөз тақырып ретінде парақтың жоғарғы жағында, жолдың ортасында бас әріптермен, жартылай  қою шрифтпен жазылады.

5.3.  Жұмыстың әр құрылымдық бөлімі (кіріспе, негізгі бөлім атауы, қорытынды), пайдаланған деректер тізімі жаңа беттен басталуы керек, тақырып ретінде парақтың жоғарғы жағында жолдың ортасында бас әріптермен– КІРІСПЕ деп жазылады.

5.4. Пайдаланған деректер тізімі В Қосымшасына сәйкес курстық жұмысты жасау барысында алынған ақпараттарды көрсетумен әліпбилік тәртіпте рәсімделеді.

«Құқықтану» мамандығының ерекшелігін ескере отырып, пайдаланған дерек тізімі заңнамалық құжаттардан басталып, әрі қарай әліпби бойынша жазылады.

Тақырыптағы дерктер сілтемелері  деректер тізімі бойынша төртбұрышты жақшаға алынған [1,115] реттік санмен белгіленеді.

5.5. Қосымшалар жұмыстың соңғы бетінде рәсімделеді. Әр қосымша жаңа беттен басталады. Слово «Қосымша» деген сөз парақтың жоғарғы оң жағында бас әріптермен жазылып, қосымшаның реті әріптермее белгіленеді.

 

  1. Қорғауға және курстық жұмысты (жобаны) қорғауға даярлық

Курстық жұмыстар (жобалар) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен бекітілген кестеге сәйкес қысқы және жазғы сессия басталғанға дейін екі апта бұрын қорғалады.

Курстық жұмысты (жобаны) қорғауға  басшының рецензиясы бар болған жағдайда рұқсат беріледі.

Курстық жобаны қорғау кезінде авторға  сөз сөйлеуге 5 минуттық уақыт беріледі, онда зерттеудің өзектілігі, жаңалығы, мақсаты мен міндеті және оның негізгі айтылады.

Курстық жұмысты қорғау кезінде бағаланады:

а)      жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндай білу және оның теориялық және тәірибелік ерекшелігін көрсету;

б)      сұрақтарға жауап беру кезінде жұмыс материалын меңгеру дәрежесі;

в)      өзінің көзқарасын аргументтеп, қорғау, ғылыми дискусия жүргізу.

 

  1. Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны, рәсімделуі мен қорғау параметрлері

7.1.Курстық жұмыстың (жобаның) рецензиясы мен студенттердің жұмысты қорғау деңгейін есепке ала отырып, курстық жұмыс (жоба) келесі пратметрлер негізінде бесбаллдық жүйе бойынша бағаланады:

  1. Өзекті тақырыптар, заманауилық жағдай мен тиісті ғылым саласының даму болашағына , тәжірибелкі тапсырмаларға сәйкестілігі.

2 . Зерттеудің мәнін, мәселесін, нысанын нақты анықтай білу, мақсатын, міндетін және жұмысшы гиптезасын құрастыру.

  1. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша монографиялық және кезеңдік әдебиеттерге сынды талдау жасай білу,  зерттелетін мәселенің тарихы мен қазіргі жағдайына сипаттама бере білу.
  2. Зерттеу әдістемесін меңгеру.
  3. Алынған нәтижелерді талдап, жалпылай білу, негізделген тұжырымдар мен тәжірибелік ұсыныстар жасау.
  4. Берілген тапсырманы шеші деңгейі, алынған нәтижелердің дұрыстығы.
  5. Мазмұндық жағынан: қисындылығы мен жүйелілігі, материалдың толық баяндалуы, жалпы сауаттылық.
  6. Сыртқы безендірілуі: Титулды беттің, жұмыс тақырыбының, пайдлнған деректер тізімінің Қосымшасына сәйкес.

Аталған параметрлерге байланысты келесі бағалар қойылады:

Үздік“: жұмысқа қойылған барлық талаптардың сақталуы; жұмыстың шығармашылық сипаты, нәтижелердің сауатты әрі нақты баяндалуы, қорғау барысында қойылған сұарқтарға толық және аргументті жауап беру.

– “Жақсы“: жұмыстың рефератты бөлімі жоғары деңгейде орындалған, зерттеу бөлігі мен жұмыс қорытындысы жеткілікті емес. Зерттеу нәтижесі толық баяндалмаған.

-“Қанағаттанарлық“: мәселенің түпкі мәні тоолық ашылмаған, зерттеу бөлігі тиісті түрде мұқият орындалмаған, бірақ алынған нәтижелер тәжірибелік жұмыста пайдаланылуы мүмкін. Зерттеудің нәижелерін баяндау бөлігі мен қорғау кезіндегі қойылған сұрақтардың жауаптары айтарлықтай аз.

– “Қанағаттанбайтындай”: курстық жобаның негізгі талаптарының сақталмауы, материалды меңгермеі және сұрақтарға жауап бере білмеу.

7.2. Курстық жұмыс (жоба) бойынша қанағаттанбайтын баға алған оқушыларға:

-аталған пән бойынша қорытынды бақылау тапсырмасына рұқсат берілмейді;

-тиісті пәндік (циклдық) комиссияның шешімі бойынша басқа жаңа тақырып таңдау немесе бұрынғы курстық жұмысты (жобаны) түзеу құқығы беріледі.

Курстық ұмысты (жобаны) қорғау тиісті пәндік (циклдық) комиссияның шешімі бойынша оқытушылар есебінен құрылған комиссиямен қабылданады.

7.3. Оқушылардан қабылданған курстық жұмыстар (жобалар) колледдің мұрағатында екі жыл мерзім ішінде сақталады. Сақталу мерзімі аяқталғаннан кейін барлық курстық жұмыстар (жобалар) акт бойынша есептен шығарылып, жойылады.

7.4. Оқыту-әдістемелік құндылығы бар курстық жұмыстар (жобалар) тиісті пәндік (циклдық) комиссияларда сақталады және колледждің оқу құралы ретінде қолданылады.