Жарқын жүздесу

Ата-анамен жұмыс тәрбиелік жұмыстың маңызды бір бөлігі болып табылады. Колледжімізде барлық 1 курс студенттерінің ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Мақсаты колледж табалдырығын биылғы оқу жылында аттаған студенттердің жаңа ортаға бейімделулерін анықтау. Бейімделу кез келген студент үшін оңайға соқпасы анық. Жаңа достар, жаңа мұғалімдер және колледждің оқыту жүйесі мұның бәрі жан-жақты ашылуға өз септігін тигізеді.

Жиналыс барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.А.Искаков алғаш болып сөз кезегін алды. Ол колледждегі осы уақыт аралығына дейін атқарылған оқу тәрбие жұмыстары жайлы баяндады. Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Н.С.Байбулина : «Студенттің жаңа ортаға бейімделуі оңай процесс емес. 1 курс студентіне тек колледж тарапынан ғана емес, отбасыдан да үнемі қолдау қажет екенін баса айтты» .

Әрі қарай жиналыста ата-аналар сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алынды. Олар өз кезектерінде колледж әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Кейін жиналыс аяқталған соң топ жетекшілері өз ата аналарымен жеке жиналыстарын оқу бөлмелерінде өткізді. Міне осылай колледжімізде кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

 

Әлімбай Мәдина,

«Жас қаламгер» үйірмесінің мүшесі, ББМ-02 тобының студенті.